Бас тақырыпСпорт
Қарағандылық «Сарыарқа» қарсыластарын тас-талқан етті
Кеше қарағандылық «Сарыарқа» өз айдынында павлодарлық«Ертіс» командасын қабылдап, 10:0 есебімен жеңді.

Ойынның алғашқы кезеңінде Сергей Барбашев пен Руслан Демин көзге түсті Есеп – 2:0. Екінші кезеңде Егор Кузьменко, Артем Лихотников, Александр Борисевич, Кирилл Пономарев, сондай-ақ Данила Карабань мен Евгений Королинский шайба соғып, есепті 8:0-ге жеткізді.

Қорытынды кезеңде Карабань хет-трик жасап, Королинский тағы бір шайба қосты. Қақпашылар Жакен Ибрагимов пен Даниил Кудимов қақпаларын құрғақ ұстады.

Қорытынды есеп:
«Сарыарқа» — «Ертіс» 10:0 (2:0, 6:0, 2:0)

Гол авторлары:
Барбашев, Демин, Кузьменко, Лихотников, Борисевич, Пономарев, Королинский (2), Карабань (3).
Бүгін қос команда қарымта кездесу өткізеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА



