Спорт

Қарағандылық сарбаз Республикалық турнирден күміс медаль иеленді

7-9 сәуірі аралығында Шымкенттегі  «Қажымұқан» атындағы орталық стадион спорт кешенінде 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ұландары арасында жекпе-жек ұрысынан дәстүрлі чемпионат өтті. Аталмыш жарысқа Ұлттық ұланның 4 өңірлік қолбасшылығынан, сондай-ақ, Петропавл, Астана, Қаракемер кентінен келген командалар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 57 келі салмақта бақ сынаған қарағандылық Тимур Журекенов ІІ орын иеленді. 


Аталмыш турнирде жеті салмақ дәрежесінде 80-ге жуық спортшы бақ сынады. Турнир соңында жеңімпаздарды Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кеңесшісі генерал-майор Альберт Маткаримов құттықтап, құнды сыйлықтар тарту етті. 

Қатардағы Тимур Журекенов 2015 жылы өткен Халықаралық «Ушу-саньда» ұрысында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған. Сонымен қатар, Таеквондо, және 2017 жылы кикбоксингтен ел чемпионы. Қазіргі таңда Қарағанды қаласында орналасқан Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінде жүргізуші мамандығы бойынша өзінің ел алдындағы борышын өтеуде. Жас сарбаз болашағын кәсіби спортпен байланыстыруды армандайды. 

– Әр жекпе-жекте қарсыластарымның күшін сезіндім. Олар тыңғылықты дайындықпен келіпті. Алайда, мен мұндай турнирге бірінші мәрте қатысуым емес. Түрлі деңгейдегі турнирге қатысқанмын. Тек, бұл жолғы бір ерекшелік – 5451 әскери бөлімінің атынан шығуым. Бұған дейін татамиге жеке спортшы ретінде көтерілсем, бұл жолы Орталық өңірлік қолбасшылығының намысын қорғап шықтым, – дейді қатардағы Тимур Журекенов.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button