АймақҚарағанды

Қарағандылық өрт сөндірушілер жаңа өрт сөндіру құралын ойлап тапты

«Тасбақа құтқарушы» су бөшкесі жабық үй-жайлардағы, көліктердің жетуі қиын жерлеріндегі өрттерді сөндіруге және электрмен жүретін көліктерді сөндіру кезінде аккумуляторларды салқындатуға арналған.

Аталмыш өрт сөндіру құралын ТЖД қызметкерлері ойлап тапқан. Оған ақша шығындамай қажетсіз және қалдық материалдардан жасаған. Жаңа бөшке металдан жасалған және екі бөліктен тұрады. Оның жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде бөшкенің салмағы 7 килограмм, ал қосылатын құбырдың салмағы 10 келі. Бұйымның бірінші бөлігі дөңгелек пішінді, диаметрі 41 см және биіктігі 13 см, оны тасымалдауға арналған үш тұтқасы бар, сонымен қатар бүкіл бетінде 17 технологиялық тесік бар. Екінші бөлік – диаметрі 76 мм, ұзындығы бір жарым метр болатын құбыр. Екі бөлік бір-бірімен диаметрі 66 мм жартылай гайкалармен біріктірілген.

Құрылғы жарылыс және құлау қаупі бар, сондай-ақ жоғары температурасы бар үй-жайларды сөндіру кезінде тиімді. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, электр көліктерін сөндіру кезінде аккумуляторларды кәдімгі бөшкелермен салқындату қиынға түседі екен.Осылайша жарылыс қаупі туындайды, бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Бұл бөшке ұяларды және әртүрлі арнайы құрылғыларды пайдаланбай аккумуляторларды салқындатуға мүмкіндік береді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Сурет пен видео: ТЖД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button