Жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер қала шетіндегі орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

3 тамыз күні кешке полицейлер қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапқан.

 

Жедел-іздестіру шарасын облыстың полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген.

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорапты тәркіледі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button