Қарағандылық параспортшыға ыңғайлы кресло-арба сыйға берілді
Халықаралық деңгейдегі спорт шебері Наталья Звягинцеваға Қарағанды қаласындағы Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ыңғайлы кресло-арба табыстады. Бұл «Паражүзу федерациясының» жаңа республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы акцияларының бірі. Бас демеуші ретінде «Шахизадан» қорының негізін қалаушы көмегін ұсынған.
– Біз әрбір спортшымыздың еңбегін атап өткіміз келеді. Еліміздің жетекші паражүзушісі Натальядан бастау туралы шешім қабылдадық. Ол бірнеше рет халықаралық жарыстардың тұғырына көтерілді. Ол әлі де көптеген белестерді бағындыра алатын еңбекқор спортшы, – деді «Паражүзу федерациясы» РҚБ президенті Айдар Картпаев.
Наталья Звягинцева шынымен де Қарағанды облысынан тыс жерлерде де танымал. Ол әлем чемпионы, Азия пара ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
– Мен 2009 жылдан бері жүзумен айналысамын. 2010 жылы мен БАӘ-де халықаралық старттарға бардым. Онда бірінші орынды иелендім. Содан бері көптеген чемпионаттар болды, онда жүлдегер де, жеңімпаз да болдым. Ең қиыны – өзіңізді жеңу. Екінің бірі ондай жігерлік таныта бермейді, өкінішке орай. Спорт ынталандырады, өмір сүруге деген ұмтылыс береді. Маған ерекше қажет сыйлық бергендеріңіз үшін рахмет!, – дейді спортшы
Арба жеңіл және ыңғайлы. Бұл спортшының қозғалысын жеңілдетеді. Әрі 3 жылға епілдігі де бар.
Ten Qogam орталығында мүгедектер арбасын жөндеу және қызмет көрсету бойынша инва-ТҚКО жұмыс істейді. Егер сұрақтар туындаса, қызметкерлер Натальяға көмектесуге уәде берді.
Жүзуші шамасы жеткенше әлі де бірнеше жыл жаттығамын деп жоспарлап отыр. Ал қазір ол келесі жылы өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.