Спорт

Қарағандылық параатлет Дубайдағы Гран-при әлемдік сериясының чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы Руфат Хабибуллин Дубайда өткен жеңіл атлетикадан Гран-при сериясының әлемдік жеңімпазы атанды. Жарысқа 61 елден 545 спортшы қатысты.

Қарағандылық найза лақтыруда алтын жеңіп алды. 41,83 м нәтижесімен ол Камерун қарсыласынан (40,93 м) озып кетті.

Бұған дейін тағы бір қарағандылық – Дастан Мұқашбеков – ядро лақтыру бойынша Әлемдік Гран-при сериясында күмісті жеңіп алған болатын.

Енді паралимпиадашылардың – ұлттық құраманың мүшелері Руфат Хабибуллин мен Дастан Мұқашбековтың басты міндеті – Азия ойындары мен әлем чемпионатында үздік үштікке кіру.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button