Білім
Қарағандылық оқушылар жүлдемен оралды
Алматыда өткен ХVI Республикалық математикалық «Бастау» турнирінен Қарағанды облысының бастауыш сынып оқушылары жүлдемен оралды.
Аталмыш турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен 150 оқушы қатысқан. Нәтижесінде облыс намысын қорғаған оқушылар командалық есепте ІІ орын иеленді.
Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы гимназияның және № 95 мектеп-гимназиясының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал, жеке есеп бойынша сынға түскен С.Сейфуллин атындағы гимназиясының оқушылары Айзере Медеу мен Әсия Қаракесекова да ІІІ орын иеленді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz