Қарағандылық меценат коронавирусқа экспресс-тест сатып алуға 5 миллион теңге бөлді
Қарағандылықтар #Bizbirgemiz #NurOtan акциясын қолдады. Жанашыр жандар коронавирусқа қарсы күрес үшін көмек қорына қаражат аударуда. Партияның белсенді мүшесі, кәсіпкер, Қарағанды облысының дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев коронавирустық инфекцияны анықтауға экспресс-тест сатып алуға 5 миллион теңге бөлді.
Бұл тесттер облыс ауруханаларына сатып алынады. Әр адамның азаматтық парызы – қиын сәтте бірігіп, игі істер жасау, деп санайды меценат.
Коронавирусқа экспресс-тестілер – бұл қазіргі таңда адамдарға шынымен қажет зат. Қарағанды бизнесменінің бастамасы тек облыс тұрғындарына ғана емес, барлық қазақстандықтарға да көмектеседі.
Қарағандылық партия еріктілерінің мобильді бригадалары жасақталды. Олар мұқтаждарға антисептик, медициналық маска және бірінші қажеттілік өнімдерін тарататын болады. Бірінші кезекте жалғыз басты қарт адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетіледі.