Спорт

Қарағандылық каратэшілер үздіктер қатарында

Алматыда киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде бақ сынаған қарағандылық қос спортшы алтын және қола жүлде жеңіп алды.

Сурет: облыс әкімінің сайтынан

Киокушинкай-кан каратэден 85 келі салмақта сынға түскен теміртаулық Никита Гарас алтыннан алқа тақты. Тағы бір теміртаулық спортшы Дмитрий Лим 75 келі салмақта өнер көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, спорттың осы түрінен чемпионатқа 35 елден 700 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 115 медаль жиынтығымен көш бастады. Одан кейінгі сатыда Ресей және Жапония спортшылары тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button