Бас тақырып
Қарағандылық әйелдер онколог мамандардан тегін кеңес ала алады
№ 3 көпбейінді аурухана – онкологияда 18 қаңтарда жатыр мойны обырының ерте диагностикасы мен алдын алуына арналған ашық есік күнін өтеді.

Облыста тұратын әйелдерді онкологтардан кеңес алуға шақырады. Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін кезек күту тәртібімен жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша терапевтің жолдамасымен келуге болады.
Ашық есік күні жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айлығы аясында өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz