Жаңалықтар

Қарағандылық имамдар жылды қорытындылады

Қарағанды облыстық орталық «Әнет баба» мешітінде өңір имамдарының қатысуымен 2023 жылдың қорытынды жиыны өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Суреттер: muftyat.kz сайтынан

Алқалы жиында дін қызметкерлерінің жыл бойы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Атап айтқанда дін мен дәстүр,ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу ағарту, жат діни ағымдардан сақтану бөлімдерінің бір жылдық жұмыс барысына баға берілді.

Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен «2023 жыл – «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылған қоғамдық шаралар назарға алынды. Діни басқарманың басты бөлімдері саналатын «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторының жұмысы, қажылық насихаты, отандық туризм «Darhan Dala» жобасы, діни оқу орындарына шәкірт даярлау, мешіт құжаттарын рәсімдеу, діни рәсімдердің орындалу барысын қадағалау, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы, шаруашылық сынды мәселелер бойынша есептер назардан тыс қалмады.

Жиын барысында бір жыл бойы қарқынды жұмыс атқарып, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білген жылдың үздік имамдары, ұстаздары мен азаншылары да анықталып, марапатқа ие болды. Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы – «Үздік қала имамы», Абай ауданының имамы Қанай Асхат – «Үздік аудан имамы», Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлы – «Үздік ауыл имамы», «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы – «Үздік наиб имам», «Нұр» мешітінің азаншысы Байкешов Нұрғали – «Үздік азаншы», «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Мурсали Олжасбек – «Үздік ұстаз», Бақытгүл Айтқалиқызы – «Үздік әйел ұстаз», Арай Серғалиқызы – «Үздік оңалтушы», «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсупбек Шұғайұлы – «Үздік ер ұстаз», Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлы – «Үздік қайырымды имам номинациясымен марапатталып, қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button