Жаңалықтар

Қарағандылық гвардияшы Белгібай Әділбек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Белгібай Әділбек Душанбе қаласында өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының (ММА) күміс медалінің иегері атанды.

Құрлықтық біріншілікке 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан ММА бойынша ұлттық құраманың 37 мүшесі қатысты.
Жартылай финалға шығу үшін 20 қазақстандық жауынгер шайқасты, олардың 13-і жекпе-жекті жеңіспен сәтті аяқтады.

70,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте қазақстандық гвардияшы тәжік спортшысы Масуд Одинаевтан жеңіліп, байрақты бәсекенің екінші сатысына табан тіреді.

Қазақстанның қоржынына жалпы жеті алтын, сегіз күміс және 10 қола медаль түсті.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button