Спорт

Қарағандылық футболшы «Арсенал» ойыншысы атанды

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының тәрбиеленушісі Матвей Герасимов белорусиялық «Арсенал» клубының ойыншысы атанды.

22 жасар қарағандылық футболшы спорттық мансабын «Шахтер U-21» сапында бастаған. 2020 жылы украиналық «Металлист» клубына жалға берілген. Ал, 2021 жылы «Ислочь» (Украина) клубына жалға берілген.

Айта кетейік, Матвей Герасимов «Арсенал» сапына қосылған екінші қазақстандық футболшы. Бұған дейін наурыз айының соңында Дмитрий Бачек есімді жартылай қорғаушы осы клубтың қатарын толықтырған болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button