Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық Егор Желтов екі дүркін Азия чемпионы атанды

ММА бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бахрейн корольдігінде өткен құрлық біріншілігіне қатысып, қарағандылық жас спортшы екінші рет Азия чемпионы атанды. Финалдық белдесуде жерлесіміз Тәжікстаннан келген спортшыдан басым түскен.

Сурет: Instagram/zheltov.mma09

Осы уақыт ішінде Егор екі дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, енді екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Чемпионатқа дайындық Қарағанды облысының ММА федерациясының құрамына кіретін YERMOLAEV TEAM ММА клубында өткен.

Сурет: Дмитрием Ермолаевтан

– Дайындық екі кезеңде өтті. Жаттығудың бірінші кезеңі спортшының физикалық және функционалдық қасиеттерін дамытуға, ал екіншісі тактикалық дайындыққа бағытталды. Әлі де көп жұмыс істеу керек, – дейді жас спортшының жаттықтырушысы Дмитрий Ермолаев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button