Қарағандылық дзюдошылар жарады
Дзюдодан Ташкентте өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан жерлестер жүлдемен оралды.
Аталмыш чемпионатқа 16 мемлекеттен кіл мықтылар қатысқан. Ал, облыс атынан бақ сынаған спортшылар облыс қоржынына бір алтын, бір күміс және үш қола медаль салды.
82 келіде белдескен Глеб Азаров Азия чемпионы атанды. Ал, +90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шерхан Алпанов ақтық бәсекеде сүрініп, жүлделі ІІ орыннан көрінді. Сонымен қатар, 60 келіде бақ сынаған Алдияр Кәріғұлов, 90 келідегі – Санжар Ерұланұлы, және қыздар арасындағы бәсекеде 52 келі салмақта бақ сынаған Қайрат Аяулым жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
Одан бөлек, қарағандылық спортшылар сапында 70 келі салмақта өнер көрсеткен Диана Тельбаева V орынға табан тіреді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz