Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Жерлесіміз Даяна Федосова XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін еншіледі.

Суреттер: ҚР Туризм және спорт министрлігінен

J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде түркиялық қарсыласы Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

Бұған дейін, қарағандылық спортшы Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Осылайша XVII жазғы Паралимпиада ойындарының облыс атынан кеткен екі спортшы да жүлдеге ие болып, алтынға бергісіз қолаларға ие болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button