Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медальді жерлесіміз Дастан Мұқашбеков салды.

Сурет: Туризм және спорт министрлігінен

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (16,27 метр) бұйырды.

Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.

Бұл қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі! Жерлесімізді құттықтаймыз!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button