Қарағанды
Қарағандылық Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстан тарихында тұңғыш рет ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Әлемдік біріншіліктің төрт кезеңінде жеңіп алған жалпы ұпай саны бойынша ең мықты батутшылардың арасында қарағандылық спортшы бірінші болды. Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Кубокты спортшыға Болгарияда өтіп жатқан әлем чемпионатында FIG (Халықаралық гимнастика федерациясы) өкілдері табыстады.
Бастапқыда спортшылар жинаған ұпайларда қате анықталды. Жүлде португалдыққа берілді. Алайда, қайта есептеуден кейін кубок қарағандылық спортшыға табысталды.