Қарағандылық боксшы Аида Әбікеева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды
Жерлесіміз бокстан екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Биылғы байқау аясында түрлі салада көзге түскен 294 жас үміткердің ең үздіктері анықталды. «Спорт» аталымында әйелдер арасында жеңімпаз деп танылған Аида Әбікеева мен 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев ел спортының дамуына зор үлес қосқан жас таланттар ретінде марапатталды.
«Дарын» сыйлығы – ел жастарының еңбегі мен жетістігін мемлекеттік деңгейде мойындайтын беделді марапат. 1992 жылдан бері табысталып келе жатқан бұл сыйлық ғылым, өнер, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы үздік жастарға беріледі.
Қарағандылық Аида Әбікеева – Қарағанды спортының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы.
Аида Әбікеева – екі дүркін әлем чемпионы, енді «Дарын» сыйлығының иегері. Бұл оның табандылығы мен еңбегінің жемісі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА



