Спорт

Қарағандылық Балғын Қожанәсіп Алматыда Азия чемпионы атанды

Алматыда тоғызқұмалақтан екі ірі халықаралық жарыс өтті. Бұл додаларда қарағандылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Әсіресе жас спортшы Балғын Қожанәсіп Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының жеңісіне маңызды үлес қосты.

Суреттер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

21 елден келген 180 жас спортшы қатысқан оқушылар арасындағы ІІ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік шықты. Отандастарымыз 30 жүлде иеленді: 12 алтын, 11 күміс және 7 қола. Қарағанды өкілдері де жақсы нәтиже көрсетті: Мирас Аманжол (U-17) классика бойынша күміс медаль алса, Нұрай Мұздыбаева (U-15) блиц түрінен қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатынан кейін Алматыда юниорлар арасындағы VII Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осы жарыста Қарағанды облысының жас таланты Балғын Қожанәсіп 14 жасқа дейінгі классика санатында топ жарып, алтын медальға қол жеткізді. 

Жас чемпионның жаттықтырушысы – оның әпкесі, халықаралық деңгейдегі бірнеше жарыстың жеңімпазы Аңсаған Қожанәсіп. Ал бауыры Асылхан болса – тоғызқұмалақтан әлем чемпионы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button