Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қарағандылық спортшы Ажар Салықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль иеленді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады. 

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Жерлесіміз 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Бұл санаттағы жекпе-жектер айналмалы жүйе бойынша өтті. Салықова алдымен БАӘ спортшысы Шамма Алькальбаниге есе жіберсе, кейін Алжир өкілі Омрани Фадияны ұтты.

Осылайша, қарағандылық Ажар Салықова жалпы есепте екінші орынды жеңіп алды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button