АймақБас тақырыпБасты тақырыпШет

Қарағандылық археологтар Талды паркінен 11 жерлеу орнын анықтады

Талды тарихи-археологиялық паркінде Байқасқа-2 қорғанындағы негізгі табылымдардың қатарында адам сүйектері, жануарлардың қалдықтары, қола мен мүйізден жасалған жебе ұштары, сондай-ақ өрнекті керамика бар.
Сонымен бірге, қорғанның батыс бөлігінен кейінгі кезеңге жататын 11 жерлеу орны анықталды.

Сурет «Археологиялық зерттеулер» ЖШС

– Біздің өңір үшін бұл өте сирек кездесетін ескерткіш. Әсіресе маңдай тұсынан тесілген бас сүйек сынығы ерекше назар аудартты. Мұндай табылым Орталық Қазақстан аумағында өте сирек ұшырасады. Бұл ғұрыптық рәсімнің белгісі немесе жерленген адамның айрықша әлеуметтік мәртебесін білдіруі мүмкін, – деді «Археологиялық зерттеулер» ЖШС қызметкері Анвар Каримов.

Сырт көзге қарапайым төбешікке ұқсаған қорғанның астынан археологтар күрделі құрылым ашты. Ол – ірі тақталармен жабылған массивті тас жәшік, тас пен балшықтан тұрғызылған сыртқы қабат және айналдыра шеңбер құра орналасқан қуатты тас белдеулер. Мамандардың пайымдауынша, мұндай құрылыстар ежелгі дәуірде жоғары мәртебелі адамдарға арналып салынған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button