Бас тақырыпСпорт
Қарағандылық Амир Омарханов Тунистегі турнирдің жартылай финалына өтті
Қарағанды теннис мектебінің шәкірті, 18 жастағы Амир Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

АТР рейтингісінде 1115-орында тұрған Омарханов ширек финалда әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық, 23 жастағы Хорхе Планспен бетпе-бет келді. Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Әмірдің пайдасына шешілді.
Амир Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 776-ракеткасы, германиялық, 18 жастағы Мика Петковичпен таласады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz


