АймақҚарағанды

Қарағандылық алимент төлемеген әке сотталды

Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент төленбеген. Өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Бұл шара борышкерлерге оң әсерін тигізуде.

Сурет: study2go.eu

Әдетте, қылмыстық істі тергеу сатысында борышкерлер алимент бойынша берешекті толығымен өтеп, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды.

36 қасақана борышкерлерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

– Мысалы, кәмелетке толмаған бала – Ш-ның әкесі ұлын асырауға қаражат төлеу міндетін атқармаған және оның 3 миллион теңгеден астам сомасындағы қарызы болған. Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды. Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек. Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам сома құрайтын алимент қарыздары өтелді. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда, – дейді облыстық прокуратура мамандары.

Облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу бойынша міндеттер орындалмағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 139-бабы) жауапкершілік туындайтынына аударады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button