Спорт
Қарағандылық акробаттар топ жарды
Спорттық акробатикадан Польшаның Жешув қаласында өткен Әлем кубогінде бақ сынаған Даниэль Диль мен Вадим Шуляр жұбы алтын медаль жеңіп алды.
Халықаралық біріншілікке 19 елдің спортшылары қатысқан. Даниэль Диль мен Вадим Шуляр бұл турнирде сәтті өнер көрсетіп, басты қарсыластары АҚШ спортшыларынан басым түсті. Өткен жылы екеуі Бирмингемдегі Дүниежүзілік ойындарда, Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген. Биыл Әлем кубогінде топ жарып отыр.
Сонымен қатар, осы чемпионатта Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері Мелешко Руслан мен Котова Алиса аралас жұп сайысында өнер көрсетіп, ІІ орын иеленді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz