Спорт

Қарағандылық акробаттар әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Спорттық акробатикадан Португалияның Гимарайш қаласында өткен әлем чемпионатында Дэниел Диль мен Вадим Шуляр жұбы қола жүлдегер атанды.

Ерлер жұбы арасындағы тепе-теңдік сайысының финалында біздің спортшылар Испания (28,080) мен Әзірбайжан (28,340) өкілдеріне ғана есе жіберіп, 28,040 ұпай жинады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Сергей Вертянкин мен Ирина Балагутинаның қол астында жаттығатын спортшылар өз нәтижелерімен қола медальға қол жеткізіп отыр.

Әзірге Халықаралық гимнастика федерациясы жетекшілік ететін спорт түрлерінің ішінде Олимпиада ойындарының бағдарламасына көркем гимнастика мен батутта секіру кіреді. Бірақ кейінгі кезде спорттық акробатикаға деген қызығушылық артып келеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button