Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Аида Әбікеева – Әлем чемпионы

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем чемпионатында қарағандылық жерлесіміз 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Әбікеева ел намысын абыроймен қорғап, алтын медаль жеңіп алды. Бұл ел қоржынына түскен төртінші алтын.

Сурет Қазақстан бокс федерациясынан

Ақтық сында Аида өзбекстандық мықты боксшы Навбахор Хамидовамен кездесті. Жекпе-жек тартысты өтті: алғашқы екі раундта қарсылас басымдық танытқанымен, шешуші үшінші раундта Әбікеева нағыз шеберлігін көрсетіп, қарсыласын дәл соққыларымен қыспаққа алды. Нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Аида Әбікеева екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жеңіс құтты болсын, Қарағанды!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button