Бас тақырыпСпорт
Тарихи жеңіс: қарағандылық Аида Әбікеева – бокстан әлем чемпионы
Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, қарағандылық Аида Әбікеева (63 келі) бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Жерлесіміз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша Аида ел құрамасы қоржынына үшінші алтын медальды салды.
Айта кетейік, Аида Әбікеева әйелдер арасындағы бокстан Қарағандыдан шыққан тұңғыш әлем чемпионы.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!