Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионы атанды
Бұған дейін Дубайда өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалына ел құрамасынан төрт боксшымыз шыққанын сүйіншілеп хабарлаған едік. Бүгінде сол қуанышты жаңалық нақты нәтижемен жалғасып, қарағандылық боксшылар қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды.

71 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов ақтық сында Ресей боксшысы Сергей Колденковты жеңіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша боксшымыз алғаш рет Әлем чемпионы атанды.

Ал 75 келі салмақта жұдырықтасқан тағы бір қарағандылық боксшы Сабыржан Аққалықов финалдық кездесуде ресейлік Ибрагим Муцольговқа есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



