ЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық қақпашы жыл үздігі атанды

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының, әрі Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Щацкий «Алтын адам» ұлттық премиясының «Жыл спортшысы» аталымын жеңіп алды.

33 жасар қарағандылық қақпашы Ұлттар лигасының 2022/2024 кезеңінде құраманың негізгі қақпашысы болған. Қақпашының арқасында құрама топтық кезеңнен І орынмен шықты. Сондай-ақ, өткен маусымда «Шахтер» клубы конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне өткен. Одан бөлек, жерлесіміз пенальти сериясына дейін созылған екі ойынды алып шыққан. Және Молдова құрамасына қарсы ойында қарсыластың 11 метрлік айып добын қақпаға дарытпаған еді.

Егорь Шацкий Қазақстанның кәсіби футбол лигасында осымен екінші мәрте «Үздік қақпашы» атанып отыр. Бұдан бұрын аталмыш премияның «Жыл спортшысы» атағын алған спортшылардың қатарында Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин және Илья Ильин бар.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button