Қарағандылық 10 жасар құтқарушы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысады
Атырауда жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спортынан ел чемпионаты өткен болатын. Аталмыш чемпионатта Антон Мартынов облыс атынан бақ сынап, І орынды жеңіп алды.
Антон «Оқу мұнарасының 2 қабатының терезесінен шабуыл сатысымен көтерілу» сайысына қатысып, алтын медаль иеленді. Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары оған ақшалай сыйлық табыс етті.
Антон Мартынов Қарағандыдағы №32 жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбында оқиды. Өрт-құтқару спортымен 10 жастан бастап шұғылданады. Бүгінде ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасының қатарында. Енді ол 20 шілде мен 2 тамыз аралығында Орал қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Әрі қарай Ресейдің Саранск қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz



