Бас тақырып
Қарағандыдан Шымкентке тікелей рейс ашылды
26 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент қалалары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылмақ.

Рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері ұшады. Сейсенбі күндері Қарағандыдан ұшу уақыты 09:00-ге жоспарланған, ал бейсенбіде – 23:00-де. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 15 минутты құрайды. Жолаушыларды Boeing 737 әуе кемесі тасымалдайды.
Билеттердің бағасы 27 463 теңгеден басталады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



