Бас тақырып

Қарағандыдан Семейге қатынайтын әуе рейсі ашылды

23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық Bombardier CRJ200 ұшағы іске қосылды.

Сурет Абай облысының әкімдігінен

Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, республикалық бюджеттен субсидияланатын жаңа бағыт Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button