АймақБас тақырып

Қарағандыда ұзындығы 13 шақырымнан асатын жаңа жол учаскелері салынады

Қарағанды қаласында биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда қала жолдарының 81 пайызы нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Жоспарланған жобаларды іске асыру нәтижесінде бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 88 пайызға дейін ұлғаяды. Бұл жайлы қала әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында атап өтті. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Құрылыс маусымының басталуымен бұрын басталған автомобиль жолдарының құрылысы жалғасады. Жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асатын жаңа жол учаскелері салынады.

Қала әкімінің атап өтуінше, маңызды нысандардың бірі – Мұқанов көшесінің Тәттімбет көшесінен Шығыс айналма жолына дейінгі бөлігі. Аталған жол қаланың екі ірі ауданы – Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты байланыстыратын маңызды көлік артериясына айналады. Өткен жылы Тәттімбет көшесінен «Династия» тұрғын үй кешеніне дейінгі учаске аяқталған болатын. Қалған бөлігінде құрылыс жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар, басқа да бірқатар учаскелерде жол құрылысы жүргізіледі.  2026–2027 жылдары қаланың жол желісінің 137 шақырымнан астам бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл мыңға жуық жол белгісі жаңартылып, 86 мың шаршы метр жол таңбасы сызылады. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button