Қарағандыда жылу беру маусымы басталды
1 қазанға дейін барлық үйлерге жылу беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Қожухов Instagram парақшасында хабарлады.

– Жылыту маусымын ақырындап бастап жатырмыз. Бүгін біз негізгі желілерді айналымға шығардық, бірақ әзірге суық сумен. Ертең түскі уақытта біз ЖЭО-на температураны біртіндеп шамамен 55-60 градусқа дейін көтеруге тапсырыс береміз. Бұған кем дегенде тағы бір күн кетеді. Барлығына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, – деп жазды қала басшысы.
Жылу төлемі бірінші қазаннан бастап және үйге жылу берілгеннен кейін ғана алынады. Бірінші кезекте Майқұдық, Сортировка, Пришахтинскідегі тұрғын үйлерге, одан кейін жылу Оңтүстік-шығыс пен қаланың орталық бөлігіне берілмек. Алдағы демалыс күндері мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріледі деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.