Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда жылу беру маусымы қашан аяқталады?
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов «Instagram» желісіндегі парақшасында жылу беру маусымының қашан аяқталатыны туралы айтты.

– Қарағандының ауа-райы құбылмалы: таңертең жылы, күндіз ыстық, кешке салқын. Бүгін +15°C болып тұрып, ертең қар жауып кетуі мүмкін. Сондықтан осы айдың соңына дейін жылу беру маусымын тоқтатпаймыз,- деп жазды әкім.
Сондай-ақ, үйлері қатты ысып кеткен қарағандылықтарға «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не хабарласып, барлық көршілерінің келісімімен үйіндегі жылуды өшіру туралы өтінішті өз бетінше тапсыруды ұсынды әкім. Айта кету керек, бұл тәжірибе қалада бірнеше жылдан бері бар.
Қарағандыда жылу беру маусымы әдетте 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні аяқталады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.