Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда жылу қашан беріледі?

Жылыту маусымына дайындықты аяқтау мәселесі бойынша ПИК басқару органдарымен жиын өтіп, тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Құзырлы органдардың мәліметінше, көппәтерлі тұрғын үйлердің 90 пайыздан астамы дайындық актісін алған.

Сурет: yadrin.cap.ru

– Жылыту маусымының басталуы шамамен 1 қазанға жоспарланған, нақты күні ауа райы жағдайына байланысты өзгеріп отырады және алдын ала хабарланады. Тұрғын үйлерді іске қосу басқару органдарының немесе жауапты адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. 100% әзірлік сертификатын алмаған үйлер жылуға ең соңғы болып қосылады. Барлық тұрғындардан үйіңіздің жылу беру кезеңіне дайын екендігін анықтау үшін ПИК-қа хабарласуды сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button