Қарағандыда журналистер арасында бильярд турнирі өтеді

Масс-медиа қызметкерлері күні мерекесіне орай бильярдтан Қарағанды облысы журналистері арасында өтетін Нұрмахан Оразбек атындағы III аймақтық турнирдің ЕРЕЖЕСІ:
Мақсаты мен міндеті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау, журналистер арасында бильярд спортын дәріптеу, мықтыларды анықтау, қатысушылардың ойын шеберлігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау;
Өткізілетін орны мен уақыты: Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы 2/1, «Достар» бильярд клубы, 26 маусым, 2025 жыл.
Жарыс бағдарламасы:
Сағ. 15.30 – Қатысушыларды тіркеу, жеребе тарту;
Сағ. 16.00 – Турнирдің ашылу салтанаты;
Сағ. 16.30 – Турнирдің басталуы.
Турнирге қатысу туралы өтінім 20-25 маусым аралығында 8 778 582 96 96 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады.
Турнирді ұйымдастырушы: «Saryarqa Aqparat» ЖШС.
Турнирдің Бас демеушісі: «Мұқаналиев» фермер қожалығының басшысы Боранбай Мұқаналиев.
Турнирге қатысушылар:
Турнирге Қарағанды облысындағы Қазақстан Журналистер одағының мүшелері қатыса алады;
Қатысушылардың киім формасы: Ақ көйлек, жилет, қара шалбар.
Жарысты өткізу шарттары мен жарыс жеңімпаздарын айқындау тәртібі:
Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді, яғни жалпы үш партия болса екі ойыннан жеңілген қатысушылар жарыстан шығарылады. Ойнайтын жұптарды анықтау тәртібі жеребе арқылы белгіленеді. Төреші турнир жеңімпаздарын осы ережеге сүйене отырып анықтайды. Қатысушылар стандартты киймен қамтамасыз етіледі. Жеке киймен ойнауға рұқсат етіледі.
Марапаттау:
І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар дипломдармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қаржыландыру көзі:
Жеке демеуші есебінен.
Анықтама үшін байланыс телефоны:
8 778 582 96 96 (Қасымхан)