Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда жолақы қымбаттайды

Қарағанды қалалық мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа жолақы мөлшері электрондық төлем жасағанда – 120 теңге, қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда –  250 теңге.

Сурет Жангелді Әбдіғалым

Сессияға Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов қатысып, тариф өзгерісіне қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл қадам тұрғындарға ауыртпалық салудан гөрі, қоғамдық көліктердегі сапаны арттыруды көздейді.

– Қоғамдық көлік сапасына қатысты шағымдар бар екені рас. Дегенмен соңғы жылдары көптеген мәселе шешімін тапты. Автобус санын арттырдық, кей бағыттар жаңартылды. Бұрын көліктер жиі бұзылып, қауіпті болатын. Қазір жағдай біршама жақсарды. Бұл қадам – сапалы, қауіпсіз тасымалды қамтамасыз ету үшін жасалды, – деді қала әкімі.

Тариф көтеру туралы шешім тұрғындар арасында түрлі пікір тудырды. Бірі сапаның артқанына сенсе, енді бірі бұл шешімді қалтаға ауыр соққы ретінде қабылдауда. Билік өкілдері жаңа тариф – қала инфрақұрылымын жақсартудың бір бөлігі екенін айтады.
Жаңа тарифтің сапа мен қызмет көрсетуге оң әсері бола ма? Оны уақыт көрсетеді…

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button