Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандыда жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
«Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі хабарлағандай, қалада орталығында мердігерлер Лободы көшесін асфальттауға кірісті.

Жол–құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ерубаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаске жабылды. Онда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін автокөлік жүргізушілері өз маршруттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Аяулым СОВЕТ