АймақЖаңалықтар
Қарағандыда жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты
Бүгін таңертең «Lada Priora» автокөлігі мен «Ютонг» маршруттық автобусы соқтығысып, жол апаты салдарынан «Lada Priora-ның» жүргізушісі қаза тапты.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше жол-көлік оқиғасы кезінде «Ютонг» автобусында 30 адам болған.
– Жеңіл көліктің жолаушысы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп толықтырды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство жүргізушілерден жылдамдықты асырмауды, алдыңғы көліктерден қауіпсіз қашықтықты және жанама аралықты сақтауды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.