Жаңалықтар
Қарағандыда жол апаты азаймай тұр
Қарағандыдағы Складская көшесінде жол апаты орын алып, салдарынан тағы бір адам қаза тапты.
Бұл оқиға бүгін түске таман болған. «ЗИЛ» және «Газель» автокөлігі соқтығысып, 27 жастағы «Газель» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Ал, оның жанындағы 22 жастағы жолаушысы алған жарақатына байланыста ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол апаты фактісі полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағандыдан 20 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты орын алып, 6 адамның қаза тапқаны жайлы жазған болатынбыз.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz



