Бас тақырып
Қарағандыда жол апаты кезінде аялдамада тұрған әйел зардап шекті
Қарағандыда орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан аялдамада автобус күтіп тұрған әйел жарақат алды. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 26 қаңтар күні шамамен сағат 8:20-да Тәттімбет көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2111 автокөлігін басқарған 42 жастағы жүргізуші KIA көлігімен соқтығысудың алдын алу үшін манёвр жасап, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Осы сәтте KIA жүргізушісі де жол апатын болдырмау мақсатында аялдама павильонына соғылған.
Аялдамада тұрған 52 жастағы әйел жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы нақтылануда.
Аталған дерек бойынша іс тіркеліп, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



