АймақЖаңалықтар
Қарағандыда жоғалған бала жарты сағатта табылды
Қарағандыда жоғалған баланы патрульдік полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде тапты.
Кеше түскі уақытта «102» пультіне «Гүлжан» супермаркетінің маңында 7 жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Хабарлама түскен сәттен бастап Қарағанды патрульдік полиция полкі дүкеннің іргелес және жақын маңындағы аумақтарды мұқият тексеруге кірісті. Жарты сағатқа жуық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері Ернұр Төлеуов пен Әлішер Сейітманов баланы тауып, анасына тапсырды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.