Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандыда жиналған астықты кептіру қажеттілігі туындап отыр
Жиналған астықты кептіру қажеттілігі биылғы ауа райының ерекшелігіне байланысты туындап отыр. Қазіргі таңда облыс аумағында 53 астық кептіргіш жұмыс істейді. Дизель отыны бөлінген, ал арзандатылған газ бөлу мәселесі әлі шешіліп жатыр.

Келесі көктемгі егіске дайындық жүріп жатыр. Тұқым қоры жасақталып, олардың сапасын анықтау үшін зертханалық сараптамаға тапсырылуда.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев егін жинау науқанын толық аяқтауды, жиналған өнімді сақтау жұмыстарын ұйымдастыруды және тұрақтандыру қорын жасақтауды тапсырды.
Аяулым СОВЕТ