Қарағандыда жеті мұз айдыны ашылады
Қарағандыда жалпы ауданы 12 мың шаршы метр болатын жеті мұз айдыны ашылады. Саябақтар мен гүлзарлар басқармасы мамандарының айтуынша, қазірден дайындық жұмыстары басталып кеткен. Ал, мұз айдыны ауа райы қолайлы болған уақытта құйылмақ.
Қарағандыдағы мұз айдыны әдеттегідей Орталық саябақта болады. Бірақ, оны саябақтың батыс бөлігіне қарай құяды. Ал, саябақтағы көл үстіндегі мұз айдыны биыл болмайды. Тіпті, көл бетінде конькимен, маторлы шанамен де сырғанауға тыйым салынбақ.
Сонымен қатар, Майқұдықтағы саябаққа да, Пришахтинскіде Қазақстанның 40 жылдығы саябағына да құйылады. Ал, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде мұз айдыны екі жерге, яғни, Жеңіс саябағы мен «Алаш» алаңында ашылады. Сұрыптау да бір мұз алаңы құйылады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz