Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда жекеменшік балабақшадан өрт шығып, 80-нен астам бала эвакуацияланды
Бүгін таңертең қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінен өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат кезекші бөлімге таңғы сағат 09:48-де түскен. Ж.Әубәкіров көшесінде орналасқан жекеменшік балабақшаның жертөлесі өртке оранған. Құтқарушылар дереу іске кірісіп, ғимараттан барлығы 88 адам, оның ішінде 82 бала эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт 10:07-де оқшауланып, 10:09-да толығымен сөндірілді.
Оқиғаның алдын ала себебі электр сымдарындағы қысқа тұйықталуы. Тілсіз жауды ауыздықтап, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бөлімнен 24 адам мен 7 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.