АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктінің соты тікелей эфирде көрсетілуде
Елімізде резонанс тудырған тағы бір сот тікелей эфирден көрсетілуде. Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығу дерегі бойынша сот процесі өтіп жатыр.
– Жедел жәрдем жүргізушісіне күш көрсетумен қатар, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де Қарағандыда өтеді, – делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.