АймақҚарағанды

Қарағандыда Жеңіс саябағында сенбілік өтті

Кеше «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағандыдағы Жеңіс саябағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 35 адам жаппай сенбілікке қатысты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Атап айтар болсақ, экологиялық акцияға еріктілер, Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

– Бұл акцияны біз өңіріміздің барлық тұрғындарына үндеу ретінде өткіземіз. Жастарды, еріктілерді және барлық халықты аулалар мен көшелерді қоқыстан тазартуға және облысымыздағы экологиялық жағдайды жақсартуға шақырамыз. Жұмыс ертең жалғасады, ал 20 сәуірде біз қаладағы ойын алаңдарын тазалаймыз. Біздің акцияларға барлық жастар волонтерлік ұйымдары қатысады, – деді Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының маманы Ардана Мырзанова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button