Спорт

Қарағандыда жеңіл атлетикадан республикалық турнир басталды

Қарағандыда жеңіл атлетикадан еңбек ері, аты аңызға айналған кенші Яуда Мұсағалиевті еске алуға және Кәсіподақтар федерациясының жүлделеріне арналған 50-ші республикалық турнир басталады. Биыл турнирге еліміздің түрлі өңірінен және көршілес мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысуда. Турнирдің ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаты Ерден Халилин қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Суреттер автордан

– Елімізде спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жастарымыз уақытын әлеуметтік желіде емес, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына арнауы тиіс. Сондай-ақ, көршілес елден арнайы келген спортшыларға алғысымызды білдіреміз, – деді ол.

Мерейтойлық турнирге Қырғызстаннан да құрама келді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысынан, Теміртау, Шахтинск, Абай қаласынан арнайы командалар келіп қатысуда.

Жарыс ертеңге дейін жалғасады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшыларға арнайы дипломдар, ақшалай сыйлықтар табысталады.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Гүлім ҚҰДАЙБЕРГЕН
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ IV курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button